Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы
05.11.2012


Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы - дөңгелек нысанды және көгілдір түс аясындағы шаңырақ (киіз үйдің жоғарғы күмбез тәрізді бөлігі) түрінде бейнеленген, шаңырақты айнала күн сәулесіндей тарап уықтар шаншылған. Шаңырақтың оң жағы мен сол жағында аңыздардағы қанатты пырақтар бейнесі орналастырылған. Жоғарғы бөлігінде - бес бұрышты көлемді жұлдыз, ал төменгі бөлігінде "Қазақстан" деген жазу бар. Жұлдыздың, шаңырақтың, уықтардың, аңыздардағы қанатты пырақтардың бейнесі, сондай-ақ "Қазақстан" деген жазу - алтын түстес.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасының авторлары — Жандарбек Мәлiбеков пен Шоты Уәлиханов.


Мекенжай: Қазақстан Республикасы, Қарағанды қаласы, Ерубаев көш., 16.
Телефон: +7 (7212) 420425.
Факс: +7 (7212) 420421.
Call Center: 8-8000-80-99-88 (Қазақстан бойынша қоңырау шалу тегін).
Қарағанды "Болашақ" университетінің ресми сайты
Барлық құқықтар қорғалған ©